Қазақстандық инновациялық жоба халықаралық сайыста үздік шықты

Жобаны студенттер командасы жасаған

Мәди Саматұлы

  • 03.11.2024

Қытайдың Сиань қаласында өткен ғылыми-технологиялық, индустриялық инновацияларды, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» атты студенттер арасындағы халықаралық сайыс қазақстандық студенттер командасы 1 орын иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сайыстың финалдық кезеңі 26 қазан мен 2 қараша аралығында өтті. Жалпы 6 мыңнан астам үміткер қатысқан.

Ақтық мәреде жалпы 14 мемлекеттен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Әзербайжан, Түркия, Иран, БАӘ, Жапония, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Үндістан, Ресей және Қытай мемлекеті) 579 жоба сынға түскен.

Солардың арасында Astana IT University командасының құрамы 1 орынға ие болды.

Нұрайым Қуандық, Нұрлан Абзалбеков команда болып (ғылыми жетекшісі Зарина Құтпанова) «EnergyDrones AI — бұл күн панельдерін БПЛА және жасанды интеллектті қолдану арқылы тексеруге арналған веб-платформа» тақырыбындағы жұмысын ұсынған. Жобаның басты мақсаты — күн панельдеріндегі ақауларды анықтаудың тиімді шешімін ұсыну. Қазіргі қолданылатын мониторинг жүйелері барлық ақауды анықтай алмайды. Сол себепті дронмен түсірілген суреттерді және AI мен CV негізіндегі веб-платформамызды қолдана отырып, EnergyDrones AI тексеру дәлдігін арттырады.

Бұл жасанды интеллект жүйесі 95% дәлдікке жететін алдыңғы қатарлы нейрондық желілерді (KAN, CNN, ResNet-8) қолданады.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

08.05.2025

Ресей мен Қытай Үндістан мен Пәкістанды сабырлыққа шақырды

07.05.2025

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

06.05.2025
MalimBlocks