Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымы нәтиже бермеді

Құқық
Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымы нәтиже бермеді

Алматы қалалық соты Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымын өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық соттың хабарлауынша, іс апелляциялық сотта қаралған. Онда бірінші инстанция сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сөйтіп сот шешімі заңды күшіне енген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жары Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шығарып, оны 12 жылға бас бостандығынан айырғанын жазған едік. Сотталушы «Бопсалау», «Өзiнше билiк ету» және «Адамды еркіндігінен заңсыз айыру» баптарымен айыпталған. Бұған қоса, сот оның мүлкін тәркілеуді үкім етті.

Сот шешімі бойынша Гүлмира Сатыбалды 12 жылға, көмекшісі Мәди Батыршаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу