Жер заңын бұзғандарға 500 млн теңге айыппұл салынды

Malim Админ

  • 24.04.2025

2024 жылы Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет жүргізген тексерулердің қорытындысы бойынша 3,7 мың әкімшілік іс қозғалып, 500 млн теңге айыппұл салынған.

2024 жылы Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, жер құқықтық қатынастары субъектілерінің, жергілікті әкімдіктер мен филиалдарының үстінен 6,5 мыңға жуық тексеру жүргізді. Тексеру қорытындылары бойынша жер заңнамасын бұзудың 5,3 мыңға жуық фактісі белгілі болды. 3,7 мыңға жуық әкімшілік іс қозғалып, 500 млн теңгеге жуық сомаға айыппұл салынды, — делінген Премьер-министрдің жауабында.

Жауаптағы мәліметке сүйенсек, көбінесе мемлекет меншігіндегі жерге қол сұғу, ауылшаруашылық алқаптарды тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбау, берілген телімнің қолданыс мақсатын бұзу, жерге иелік ету құқығын беруде заң бұзу, мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қателіктері, жерді жарамсыз күйге түсіру сияқты заң бұзу фактілері тіркелген.

Депутаттық сауалда Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жер заңнамасын өрескел бұзудың фактілері көрсетілген. Олжас Бектенов аталған заңсыздықтарға жауапты адамдардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр