Алматыда екі оқушы 9-қабаттан секіріп қаза тапқан

Оқушылардың бірі «ешкімге кедергі, масыл болғым келмейді» деген хабарлама жіберген

Malim Админ

  • 17.09.2024

Алматыда екі оқушы қыз көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт ды. Куәгерлер бірінің ұялы телефонынан «Ешкімге масыл болғым келмейді» деген жазбаны оқыған.  Марқұмдардың мәйіті 16 қыркүйек күні таңғы 10 шамасында Алмалы ауданынан табылған.    


Қайғылы жағдай Жамбыл көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы 9 қабатты үйде болды. Куәгер Галина Васильева оқушы қыздардың мәйітін көргенде есеңгіреп қалғанын айтады. 

«Мен емханада болғам. Келсем, полицейлер жүр. Екі қыздың денесін көрдім. Олардың биіктен құлап, өздеріне қол жұмсағанын естідім. Менің білуімше, олар алдымен, тамырын кеспек болған. Алайда қолдарынан келмеген соң, секірген секілді. Сөмкелері толған қорқынышты заттар, сұмдық-ай! Мына шатырға баратын баспалдақ үнемі ашық тұрады», – деді куәгер Галина Васильева.

Тұрғындар қайғылы жағдайдан кейін полицейлермен бірге жүріп, үйдің кіреберісінде темекі қалдықтарын байқаған. Одан соң шатырға шығып, оқушы қыздардың сөмкелері мен жеке заттарын көріп шошыған. Себебі дорбалардың ішінде қанға оранған майлық, дәрілік препараттар мен қауіпті өткір заттар болған. Сондай-ақ оқушының бірі ұялы телефонынан бейтаныс адамға күмәнді хабарлама жіберген.

«Телефондарын куәгер ретінде біздің көзімізше ашып көрсетті, онда әлдекімге «тамырымды таппай тұрмын, шаршадым, ешкімге кедергі, масыл болғым келмейді» деген хабарлама жіберілген», – деді куәгер Наталья Наумова.

Куәгерлердің сөзінше, марқұм қыздар жақын дос болған көрінеді. Олар сол маңайдағы №25 мектептің 7-сыныбында оқыған. Бірі көрші аулада, екіншісі сол аудандағы басқа көпқабатты үйде тұрған. Оқиғаға қатысты полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, суицидтің себебі анықталуда.  

Тұрғындар пәтер иелері кооперативінен ауладағы қауіпсіздікті қатаң бақылауға алуды талап етіп отыр.

Фото: ашық дереккөзден 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан