Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады  

Арман Қайыпхан

  • 18.03.2025

БҚО-дағы Тасқала ауданының тұрғындары тағы пилотсыз ұшқыш аппаратының құлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz "Орал апталығы" басылымына сілтеме жасап.

Бұл – Батыс Қазақстан облысы аумағына шекарадан өткен осындай құрылғының екінші жағдайы.  

Басылым мәліметінше, аппарат Атамекен ауылынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан «Волжанка» қыстағы аумағынан табылған. Аппараттың ұзындығы шамамен 3 метр.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметкерлері, аудандық әкімдік өкілдері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жетті.

Еске салсақ, 18 ақпанда Бөкей ордасы ауданына қарасты Ұялы ауылында белгісіз ұшатын зат табылған еді.

«БҚО-ның Бөкей ордасы ауданына қарасты Ұялы ауылы маңында пилотсыз ұшатын аппаратқа ұқсас заттың құлауына байланысты уәкілетті мемлекеттік органдар қажетті тексеру шараларын жүргізіп жатыр», – делінген Қорғаныс министрлігінің "Курсив" басылымына берген жауабында. 

ІІМ мәліметінше, бұл оқиға бойынша «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, жасау, сатып алу, өткізу немесе пайдалану» бабы бойынша іс қозғалған.

«БҚО-да пилотсыз ұшатын аппаратқа ұқсас заттың табылуына байланысты Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 399-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», – делінген ресми жауапта.

Табылған дронның ұзындығы – 120 см. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеді.

Таратылған фотосуретке сәйкес, бұл аппарат франциялық «Sagem» компаниясы әзірлеген барлау мақсатында пайдаланылатын «Crecerelle» дронына ұқсайды.

Фото: uralskweek.kz

 

Байланысты жаналықтар

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

17.04.2025

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

08.04.2025

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

07.04.2025

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

01.04.2025

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

01.04.2025

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

27.03.2025
MalimBlocks
БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

Олардың әрқайсысына 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр