Наурыздың ортасында жоғалған алматылық өлі табылды

Наурыздың ортасында жоғалған Алматы тұрғыны өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ волонтерлері Instagram парақшасында жариялады, - деп жазады Malim.kz.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, 1987 жылы туған Кон Константин Игоревич 15 наурызда жоғалған. Ол Алатау ауданы, Петровского көшесі, 4-үй мекенжайынан шығып, қайта оралмаған.
Белгілері: бойы – 160 см, дене бітімі – орташа, шашы – қысқа, қара түсті. Сол қолында үш саусағы жоқ.
Волонтерлердің мәліметінше, ер адамның денесін 22 наурызда Алматы полициясы тапқан. Оқиғаның басқа мән-жайы хабарланған жоқ.
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz


Ең көп оқылған
