Өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Марқұмның 20 жастағы ұлы күйікпен ауруханаға түсті

Malim Админ

  • 25.09.2024

Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Марқұмның 20 жастағы ұлы күйікпен ауруханаға түсті. 


Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт бүгін - 25 қыркүйекте болған.

«Түнгі сағат 03:03-те Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтердің өртенгені туралы шақырту түсті. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері автосатымен және баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Ал, 54 адам, оның ішінде 30 бала өздері қауіпсіз аумаққа шықты», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Пәтердегі өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 17 құтқарушы, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер, 5 техника тартылған. 

«Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Марқұмның 1994 жылғы ұлы күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Фото: Атырау облыстық ТЖД  

Байланысты жаналықтар

СҚО-да үй өртеніп, екі ересек адам мен үш бала көз жұмды

23.01.2025

Шымкент аттракционында ойын автоматтары өртенді

23.01.2025

Семей орманындағы өрт бойынша бүкіл қылмыстық іс аяғына жетті

22.01.2025

Түркияда аза тұту күні жарияланды

22.01.2025

Түркияда тау шаңғысы курортында алапат өрт қаулады

22.01.2025

Қарағандыда балабақшалардың бірінде өрт шықты

16.01.2025
MalimBlocks
СҚО-да үй өртеніп, екі ересек адам мен үш бала көз жұмды

Олардың денелерін өрт сөндірушілер алып шыққан

Шымкент аттракционында ойын автоматтары өртенді

Өрт аумағы 230 шаршы метрге тараған

Семей орманындағы өрт бойынша бүкіл қылмыстық іс аяғына жетті

Түркияда аза тұту күні жарияланды

Тау-шаңғы демалыс орнындағы өрттен опат болғандар саны 76-ға жетті

Түркияда тау шаңғысы курортында алапат өрт қаулады

Қарағандыда балабақшалардың бірінде өрт шықты

Ғимараттан 82 баланы эвакуациялаған