Түркістан тұрғыны арыстан асыраған

Оның ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі мен екі кекілік құсы табылды

Мадина Қайнарова

  • 11.09.2024

Түркістан облысының тұрғыны өз үйінде арыстан мен әртүрлі жабайы жыртқыш құстарды асыраған.  

Бұл заңсыз әрекетті облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады.

Полицейлер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі мен екі кекілік құсын тәркілеп алды. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын айтты.

Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды.

Қазір осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Фото: agefotostock via Legion Media

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті