Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Еңбекке жарамсыз": Есімовтің отставкаға кеткені рас па?

Саясат
"Еңбекке жарамсыз": Есімовтің отставкаға кеткені рас па?

Әлеуметтік желіде Ахметжан Есімовтің отставкаға кеткені жөнінде ақпарат тарады.

Әлеуметтік желіде «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының» төрағасы Ахметжан Есімовтің отставкаға кеткені жазылған қаулының көшірмесі таралуда. Құжатта Ахметжан Есімовтің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қызметінен босатылғаны және оның орнына төраға қызметін атқару Алмасадам Сатқалиевке жүктелгені жөнінде айтылған. Қаулыға ҚР Үкіметінің мөрі басылған.

Ақорда, үкімет және қордың ресми сайттарында Есімовтің қызметінен босатылуына байланысты ешқандай ақпарат жарияланған жоқ.

Ахметжан Есімов Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы болып 2017 жылы тағайындалған. Оған дейін «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы, Алматы қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Есімов Алматы қаласының әкімі болып тұрған уақытта «Тәуелсіздік күні қалада болмаймын», «тауға тікұшақпен шығып, шаңғымен түсеміз», «әйелімнің үйінде тұрып жатырмын» деген сөздерімен ел есінде қалған.

Алмасадам Сатқалиев 2018 жылы Самұрық-Қазына әл-ауқат қорының Активтерді басқару және жекешелендіру басқармасының директоры болып тағайындалған. Бұған дейін «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу