Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Саясат
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндер тізіміне "Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күнін" қосуды сұрап отыр. Ішкі істер министрлігі бұл мерекені 9 маусым күні атап өту үшін Ашық нормативті құқықтық актілер порталында үкіметтің мемлекеттік мерекелер жайлы қаулысына толықтыру  енгізуді ұсынды.  Бұл құжатты қоғам талқысына шығарыпты. Жұрт бұл құжатты 17 ақпанға дейін Ашық үкімет порталында талқылай алады.

Ішкі істер министрлігінің үкімет қаулысына толықтыру енгізу туралы түсіндірмесіне қарағанда, ҰҚК, ІІМ, ҚМ мен МКҚ мемлекеттік органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелері бар. Олардың жеке шартты атаулары, нышандары, белгіленген ерекше міндеттері бар.

"Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері Қазақстанда  конституциялық құрылысты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосуда", - делінген құжат түсіндірмесінде.

"Осы мәселенің оң шешілуі жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлер сабақтастығын,  кәсіби мерекені мерекелеу бойынша  іс-шараларда  АМБ ардагерлері мен қызмет озаттарына құрмет көрсетуді ресми бекітеді және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, рухани және моральдық-адамгершілік құндылықтарды, әскери дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге ықпалын тигізеді", - делінген ішкі істер министрлігінің түсіндірмесінде.

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу