"Атырау" футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды
"Атырау" футбол клубы клубтың басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру үшін мемлекет меншігіне қайтарылды

"Атырау" футбол клубы клубтың басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру үшін мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Мұндай ұсынысты прокуратура ұсынды.
Спорттық клуб 2018 жылдың ақпан айынан бастап "Атырау" кәсіби спорт клубы" қоғамдық қорының сенімгерлік басқаруында болды.
"Алайда осы жылдар аралығында клубтың атқарған жұмыстарынан құрылтайшылар мен басшылықтың жиі ауысуы, тұрақты спорттық көрсеткіштердің болмауы, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметіндегі ашықтықтың жеткіліксіздігі секілді мәселелер байқалды. Легионерлер санының артуы, бюджеттің ашықтығы мен нақты есеп берудің болмауына байланысты клубты мемлекеттік басқаруға қайтару туралы шешім қабылданды”, – деп мәлімдеді облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы.
Ведомство бұл шешім қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейтуге және өңірдің футбол инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Спорт басқармасының жетекшісі клубтың бас менеджері Дидар Сыдықбекті ресми таныстырып, қаржы жағдайды тұрақталатынын мәлімдеді.
Жақында клуб қызметінің ашықтығына, тұрақты басқаруға, жастар мен балалар футболын дамыту, сондай-ақ спорттық ілгерілеудің тұрақты стратегиясын әзірлеуге жіті мән беріліп, клубты кезең-кезеңімен реформалау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ “Атырау” ОФК” ЖШС жұмысы штаттық режімде жалғасады.
Фото: Pixabay.com