«Головкин қазіргі шындықты қабылдамайды». Ресейлік маман ҚР ҰОК басшысының шешімін сынады

Кравцовтың пікірінше, Қазақстан боксы IBA-дан кетсе, қазақ боксшылары келеңсіздіктерге тап болады.

Сабина Асқарқызы

  • 09.07.2024

Ресей бокс федерациясы бапкерлер кеңесінің төрағасы Эдуард Кравцов қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкинді қатаң сынады. Оған отандасымыздың IBA туралы айтқан пікірі ұнамай қалған көрінеді, деп хабарлайды Malim.kz

«Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Кравцов Головкинді тойынған деп айыптаған.

Есте болса, күні кеше Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, кәсіпқой бокстан бірнеше тұжырымда әлем чемпионы Геннадий Головкин «Қазақстан бокс федерациясы IBA ұйымынан шығуы керек» деген пікір айтқан болатын. Өйткені ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті – авт.) IBA-ны жемқорлыққа белшеден батқан ұйым деп танып, Олимпиада ойындарынан аластатқан болатын. Сонымен қатар IBA ұйымдастырған жарыстарға қатысқан боксшыларды 2028 жылдан бастап Олимпиадаға қатыстырмайтынын кесіп айтты.

Ал Эдуард Кравцов Қазақстан боксы IBA-дан кетсе, қазақ боксшылары келеңсіздіктерге тап болатынын айтып отыр. 

Менің ойымша, қазір Геннадийде бір мәселе бар. Мұндай жайтты көптеген ұлы боксшылар мансабын аяқтаған кезде бастан кешіреді. Ол үлкен қызмет алып, қазақстандықтардың сеніміне ие болды. Алайда Головкин қазіргі шындықты және әуесқой бокста болып жатқан оқиғаларды мүлдем қабылдамайды, оған бейімделмеген. 

Геннадий – ұлы және әйгілі боксшы, сонымен қатар, қалталы боксшы екенін де түсінуіміз керек. Бұл жерде оның бай екеніне ерекше назар аударғанымыз жөн. Тоқ бала аш баламен ойнамайды дегенді естен шығармау керек. 

Қазақстандық боксшыларды World Boxing-ке тартудың болашағы бұлыңғыр, боксшылар ол жақта аш қалады. Бұл жердегі негізгі мәселе – Геннадий қазіргі жағдайға бейімделмеген және шындықты түсінбейді. Барлық боксшы Головкин сияқты ұлы да, бай да болғысы келетінін түсінуіміз керек. Бірақ World Boxing оның біреуін де бермейді. Жарыс күнтізбесі де, тұрақты қаржыландыруы да жоқ. Бірақ саяси амбициясы бар. Дәлірек айтсақ, осы ұйымның еш тарихы, болашаққа апаратын жолы жоқ, - деді Кравцов.

Фото: ҚР ҰОК

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі турнирде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

19.04.2025

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

18.04.2025

Жәнібек Әлімханұлы: Ол менен қорқады

17.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Екі ірі турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

11.04.2025
MalimBlocks
Ресейдегі турнирде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

Боксшы финалда ресейлік Денис Палшинмен қолғап түйістірді

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

Головкин: Миссиямды табандылықпен жалғастыра беремін

Жәнібек Әлімханұлы: Ол менен қорқады

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Екі ірі турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

Бірі Хабаровскте, екіншісі Бакуде өтеді.