Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастады

Спорт
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсететін орта салмақ рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл дивизионда WBC белбеуіне әлі де доминикандық Карлос Адамес иелік етеді.

Рейтингіде бұған дейін үшінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов көш басына шықты.

Мұның алдында Бүкіләлемдік бокс кеңесі Адаместі Нұрсұлтановпен жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғауға міндеттеген. Дегенмен айқас өтетін күн белгісіз.

Жерлесіміз соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылғы Ташкентте шыққан. Сол кезде ол төрешілердің ортақ шешімімен чилилік Хулио Аламостан басым түскен.

Фото: instagram.com /meiirim.nursultanov

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу