Қазақстан хоккейшілері жақсы жаңалығымен жанкүйерлерін қуантты

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері екі ойынды жеңіспен аяқтады.

Сабина Асқарқызы

  • 21.05.2024

Чехияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы екі ойында жеңіске жетіп, өз орындарын сақтап қалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері ең бірінші және ең соңғы ойындарын жеңді. Екі ойынның да нәтижесі бірдей.
Алғашқы турда Франциямен кездескен. Матчтың 2-минутында француздар есеп ашқан еді. Дегенмен, Қазақстан хоккейшілері таразы басын тез теңестірді. Мергендік танытқан – капитан Роман Старченко. Ал үзіліске дейін Максим Мухаметов командасын алға шығарды.
Екінші кезеңде Кирилл Савицкий есепті 3:1-ге жеткізген. Матч осы есеппен аяқталды.
Сосын соңғы ойында Польшадан басым түсті. Бұл кездесуде Гагарин кубогының иегерлері – Никита Михайлис пен  Валерий Орехов мергендік танытты. Бір шайбаны команда капитаны Роман Старченко салды. Польша тек бір голмен жауап берді. Қорытынды есеп – 3:1.

Бұл екі жеңіс элиталық раундта қалуымызға жеткілікті болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық раундында қалатын болды. Ал осы кездесудің арасында қалған мықтылардың бәрінен жеңілді. Мысалы, АҚШ құрамасынан 1:10 есебімен ойсырай жеңілді. Сонымен қатар Словакия,

Латвия, Швеция, Германияға да шамамыз жетпеді.

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады