freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Заң факультетінде тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыру тәжірибесі

Білім-ғылым
Заң факультетінде тұрақты даму қағидаттарын  жүзеге асыру тәжірибесі
баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта  жоғары білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-тек кәсіби білікті мамандар даярлау ғана емес, сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуына үлес қосатын жауапты азаматтарды қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) әлемдік қауымдастық үшін маңызды бағдар болып отыр. Бұл мақсаттар білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, университеттер мен ғылыми орталықтардың қызметіне жаңа бағыт беруде. Осы үдерістен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті де шет қалмай, тұрақты даму қағидаттарын білім беру, ғылым және қоғамдық қызмет бағыттарында жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Заң факультетінде Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру ең алдымен сапалы білім беру арқылы көрініс табады. Факультетте білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай жаңартылып, студенттердің құқықтық білімін ғана емес, олардың әлеуметтік жауапкершілігін де қалыптастыруға басымдық беріледі. Дәрістер мен семинарларда құқық үстемдігі, әділетті қоғам құру, адам құқықтарын қорғау, экологиялық жауапкершілік, әлеуметтік теңдік сияқты маңызды мәселелер кеңінен талқыланады. Атаған бағыт студенттердің құқық саласындағы білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың қоғамдағы маңызды процестерге бейжай қарамайтын белсенді тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.Факультетте тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыруда ғылыми-зерттеу жұмыстары да ерекше орын алады. Оқытушылар мен жас ғалымдар құқықтық мемлекет қалыптастыру, заңнаманы жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау, цифрландыру және құқық саласындағы инновациялар тақырыптары бойынша зерттеулер жүргізуде. Бұл зерттеулердің нәтижелері ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдерде талқыланып, қоғам үшін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар әзірленеді. Сонымен қатар факультет студенттері де ғылыми жобаларға белсенді қатысып, тұрақты даму мәселелерін құқықтық тұрғыдан зерттеуге қызығушылық танытып келеді.

Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі – жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру. Білім ордамызда студенттердің қатысуымен түрлі пікірталастар, семинарлар, құқықтық ағарту іс-шаралары ұйымдастырылып отырады. Дәл осындай кездесулер барысында жастар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бастамалар көтереді. Студенттер өз пікірлерін ашық білдіріп, заң саласының болашағы туралы көзқарастарын ортаға салады. Бұл өз кезегінде олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, қоғамдық жауапкершілігін күшейтеді.Факультет жанындағы заң клиникалары да Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Заң клиникасында білім алушылар тәжірибелік дағдыларын жетілдіре отырып, халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді. Бұл қызмет бір жағынан студенттердің кәсіби біліктілігін арттырса, екінші жағынан қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал етеді. Азаматтарға құқықтық кеңес беру арқылы жастар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлестерін қосуда. Мұндай тәжірибе студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастырып, болашақ заңгерлердің кәсіби қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.Сонымен қатар факультетте экологиялық жауапкершілік пен тұрақты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамалар да қолға алынған. Университет қабырғасында өткізілетін ғылыми кездесулер мен пікірталастарда қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық құқық мәселелері де жиі көтеріліп келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы да тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға үлес қосуда. Факультет шетелдік жоғары оқу орындарымен және халықаралық ұйымдармен байланыс орнатып, бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Мұндай ынтымақтастық студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп, халықаралық тәжірибені меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастамалар құқық саласында жаңа идеялар мен инновациялық шешімдердің пайда болуына ықпал етеді.Бүгінгі таңда Заң факультеті тек құқық саласында білім беретін оқу орны ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылайтын және шешу жолдарын ұсынатын ғылыми-интеллектуалдық алаңға айналып отыр. Оқу ордамызда білім алып жатқан жастар тек кәсіби маман ретінде ғана емес, сонымен бірге әділетті қоғам құруға үлес қосатын белсенді азамат ретінде қалыптасуда.Заң факультетінде Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жүйелі түрде жүргізілуде. Сапалы білім беру, ғылыми зерттеулер, қоғамдық белсенділік, құқықтық ағарту жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық арқылы факультет тұрақты дамуға бағытталған бастамаларды жүзеге асырып келеді. Бұл жұмыстар болашақ заңгерлердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, әділетті, құқық үстемдігі орнаған қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Атаханова Г.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының профессоры

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу