Ақмола облысындағы бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылды

Оқиғадан қаза тапқандар бар, тағы біразы жараланған

Мәди Саматұлы

  • 17.11.2024

Ақмола облысы Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ғимаратта еске алу асы өткізілген.

Облыстық ТЖД мәліметінше, газ бен ауа қоспасы жарылып, ғимарат қираған.

Салдарынан 1978 жылы туған ер адам қаза тапты. Құтқарушылар қирандылар астынан 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылғы баланың денесін тапты. Жарақат алған 16 адам Астана қаласы ауруханасына жеткізілді, деп жазылған ТЖМ мәлімдемесінде.

Белгілі болғаны, ғимаратта барлығы 7 газ баллоны болса, құтқарушылар соның алтауын алып шыққан.

Қазір қирандыларды аршу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 30-ға жуық адам және 5 техника, сонымен қатар, жедел-құтқару жасағы, апат медицинасы орталығының психологтары мен Астана кинология қызметі жұмыс істеп жатыр, деп мәлімдеді ТЖМ.

Ал жарылыстың себебін Ақмола облысы мен Астананың ТЖД өрт сынақ зертханасы анықтайды.

Қазір облыстық ТЖД базасында жедел штаб құрылған, онда жедел телефон жұмыс желісі істеп тұр: 8-716-252-09-50.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Динара Сәтжан мешітте неке қидырған сәтін көрсетті

03.04.2025

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

01.04.2025

Африкада Режеп Тайип Ердоған атындағы мешіт ашылды

29.03.2025

Түркістан облысында АГҚС-тағы жарылыстан адамдар қаза тапты

22.03.2025

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

18.02.2025

Астанадағы ескі вокзал маңында жарылыс болды

14.02.2025
MalimBlocks
Динара Сәтжан мешітте неке қидырған сәтін көрсетті

Танымал тележүргізуші күйеуімен түскен суреттерін де жариялады

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды

Африкада Режеп Тайип Ердоған атындағы мешіт ашылды

Түркістан облысында АГҚС-тағы жарылыстан адамдар қаза тапты

Түркістан облысында автогаз құю станциясында (АГҚС) жарылыс болып, екі адам көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Астанадағы ескі вокзал маңында жарылыс болды