Теміртауда балабақшаға мас күйде келген тәрбиеші жұмыстан қуылды

Балабақша тәрбиешісі ішімдік ішіп алып, балаларға агрессия көрсеткен

Мадина Қайнарова

  • 23.10.2024

Теміртауда балабақшаға мас күйде келген тәрбиеші жұмыстан қуылды. Сондай-ақ мекеменің басшысы да қызметінен босатылды.

Бұл туралы Телеграмдағы «Патриот» арнасы жазады.

Айта кетсек, Теміртаудағы «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасының тәрбиешісі 30 қыркүйекте жұмысқа мас болып келіп, бүлдіршіндерге агрессия көрсеткен. Полицияға біреу анонимді түрде қоңырау шалып, болған жайтты хабарлаған. Бұл ата-аналардың бірі болуы мүмкін.

Полицейлер балабақшаға келіп, тәрбиешіні медициналық куәландырудан өткізуге алып кетеді. Оның нәтижесі бойынша, орташа деңгейде мас болғаны анықталып отыр.

Бұл туралы естіген ата-аналар балабақшаға келіп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетуді талап етіпті. Бейнежазбалардан тәрбиешінің тербеліп жүргенін, балаларды жұлқылап, оларға киімдерін лақтырғанын көрген.  

Теміртау қалалық білім бөлімінің басшысы Халипа Жаудинованың айтуынша, бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру аяқталды.

- Сараптама нәтижесі тәрбиешінің орташа деңгейде мас болғанын көрсетті. Ол өзінің түсініктемесінде жексенбі күні бір шарада болғанын, сол жерде ішімдік ішкенін жазды. Ал дүйсенбіде жұмысқа келген, - деп хабарлады Халипа Жаудинова.

Балабақшаның асханасынан алкогольдік ішімдіктер табылмаған.

- Қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша тәрбиеші педагогикалық этиканы өрескел бұзғаны үшін жұмыстаны шығарылды. Сондай-ақ балабақша директорының міндетін атқарушы да қызметінен босатылды, - дейді білім бөлімінің басшысы.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

17.04.2025

Теміртаудағы зейнеткерді қатыгездікпен соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

08.04.2025

Теміртауда бірнеше жасөспірім қарияны соққыға жығып, видеоға түсірген 

31.03.2025

Балабақшада азық-түлікті қымбат бағамен сатып алуды көздеген

17.02.2025

Жүрек ауырады: Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы қылқындырған

14.02.2025

Тәрбиеші төрт жасар баланы тұншықтырған

14.02.2025
MalimBlocks
Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

Теміртаудағы зейнеткерді қатыгездікпен соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

Теміртауда зейнеткердің пәтеріне алдап кіріп, қорлық көрсеткен жасөспірімдер қамауға алынды

Теміртауда бірнеше жасөспірім қарияны соққыға жығып, видеоға түсірген 

Теміртауда бір топ жасөспірім 67 жастағы зейнеткерді алдап, пәтеріне кіріп, оны аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсірген

Балабақшада азық-түлікті қымбат бағамен сатып алуды көздеген

Жүрек ауырады: Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы қылқындырған

Бүгінгі таңда қылмыстық іс қозғалған.

Тәрбиеші төрт жасар баланы тұншықтырған

Алматы балабақшаларының бірінде баланы ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды